
Сіздерді кәсіби мереке – Құтқарушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер өздеріңіздің жеке тәртіптіліктеріңізбен және үлгілі шыдамдылықтарыңызбен құтқарушылар арасында кездейсоқ адамдар жоқ екенін күн сайын дәлелдейсіздер. Үнемі төтенше жағдайларда жұмыс істейсіздер, өз өмірлеріңізге қауіп төндіріп, өздеріңізге жүктелген міндеттерді абыроймен орындайсыздар.
Сіздердің қауіпті, бірақ осындай мәртебелі еңбектеріңіз үшін басты сыйақы – құтқарылған адам өмірі.
Осы мереке күні қиын және игілікті еңбектеріңіз үшін ең шынайы алғыс сөздерін қабыл алыңыздар! Сіздерге шын жүректен төзімділік, мықты денсаулық, бақыт, қиын және қауіпті жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!
Риддер қаласының әкімі Горьковой Дмитрий Анатольевич