
Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу қарсаңында 18 қазанда Риддер қ. Мәдениет сарайының конференц – залында "Рухани келісім-бейбітшілік пен келісімге апаратын жалғыз жол" атты рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Отырысқа діни конфессиялардың өкілдері, Достық Үйінің этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Риддер аграрлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты. Қазақстандық қоғам үшін өзара түсіністік идеяларының мызғымастығы, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолында мамілеге келу секілді маңызды және өзекті мәселелер талқыланды.