
2022 жылғы18 қазан Риддер қаласында терроризмге қарсы жаттығуы өткізілуде.
Жаттығу барысында терроризмге осал объектілерде терроризм актілерінің түрлі сценарийлеріне жедел жауап қайтару мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, бірқатар шектеу шаралары, соның ішінде көлік құралдарының қозғалысындағы шектеулер қарастырылған.
Қала тұрғындарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын сақтауға шақырамыз.
Терроризмге қарсы жедел штабы