
Штаб отырысы барысында 5 ықшам ауданы № 2 үй және Юбилейная көшесі № 4 үй мекенжайлары бойынша жылумен жабдықтау сапасына келіп түскен өтініштер қаралды. Өтініште баяндалған фактілерді объективті бағалау мақсатында 2022 жылғы 18 қазанға «Риддер ЖЭО» АҚ және ЖК өкілдері Е. Ф. Рябининаның қатысуымен аталған үйлердің инженерлік жүйесіне комиссиялық тексеру тағайындалды. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.
Отырыс қорытындысы бойынша штабтың одан әрі жұмысы және техникалық дайындық актілерін алмаған, бірақ орталық жылумен жабдықтауға қосылған үйлерге шаралар қабылдау туралы ұсыныстар қаралды.