
"Риддер тарихи-өлкетану музейі" КМҚК 19.02.2020 жылы "№ 14 орта мектеп" КММ 6 сынып оқушылары үшін Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай " Лениногорлықтар-Совет Одағының Батырлары " атты ерлік сабағы өткізілді.
Риддер тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысының басты шайқастарына және батыр жерлестерінің ерліктеріне арналған іс-шаралар топтамасы өткізіледі.
Соғыс қарсаңында біздің қала Лениногорск деп аталды, осындай атаумен Ұлы Отан соғысының тарихына кірді. Қала майданға өзінің 12 500 ең үздік ұлдары мен қыздарын өткізді. Әрбір екінші шайқастан оралмаған. Кеңес Одағының Батырлары: Төлеген Тоқтаров, Виталий Мефодьевич Безголосов, Александр Александрович Колчин, Андрей Васильевич Сумин, Лев Михайлович Рощин, Сергей Константинович Гуляев, Дмитрий Иванович Ефремов.
Балалар батырлардың өмірбаянымен және ерліктерімен танысты. Әңгіме отбасылық және музей архивтее алынған фотосуреттермен, хрониканың фрагменттерімен сүйемелденді. Ерлік сабағы соңында материалды бекітуге Викторина өткізілді.
Өткеннің ерлік үлгісінде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу – тарих пен ерлік сабақтарының маңызды міндеттерінің бірі.