
Риддер қаласының әкімі Ж. Х. Мұратовтың тұрғындарға есеп беру кездесулерін өткізу қорытындылары туралы ақпарат
2020 жылдың 3-6 ақпан аралығында Риддер қаласының әкімі Ж. Х. Мұратовтың халықпен 3 есептік кездесулері өткізілді.
Есептік кездесулерге 856 адам қатысты, барлығы 19 адам сөз сөйледі.
Есеп беру кездесулерінде халық көтерген
проблемалық мәселелердің тізбесі
|
№ р/с |
Айтылған ескертулер/ұсыныстар |
Орындау мерзімі
|
Орындауға жауаптылар |
|
1 |
4 аудандағы «Дельфин» балабақшасы мен сквердің арасында кесілген бұтақтарды жинау мәселесін шешу |
1.08.2020 ж. дейін |
Қ.Д.Уралбеков Қ.М.Мухамедчинов |
|
2 |
Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесін ескере отырып, № 12 автобустың қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізу |
1.05.2020 ж. дейін |
Қ.Д.Уралбеков Қ.М.Мухамедчинов |
|
3 |
Аялдамаларда автобустардың қозғалыс кестесін орналастыру. |
1.04..2020 ж. дейін |
Қ.Д Уралбеков. Қ.М.Мухамедчинов |
Қорытынды есептік кездесуге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қапарұлы Аймұкашев, Риддер қалалық мәслихатының хатшысы Игорь Иванович Панченко, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қала кәсіпорындарының, бюджеттік ұйымдардың, құқық қорғау органдарының басшылары мен өкілдері, шағын және орта бизнес өкілдері, педагогикалық және ардагерлер қоғамы, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесулер жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.