
Н.В. Гоголь атындағы Орталық қалалық кітапханада «Дәстүр» әдеби-этнографиялық бағдарламасы аясында «Киіз үй-асыл мұра!» атты слайд-бағдарламасы өткізілді. Кітапханашылар бағдарламаның этномәдени мазмұнына сүйене отырып, оқушылардың көшпелі халықтардың дәстүрлі баспанасы – киіз үй туралы түсініктерін кеңейтуді, халықтық салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеуді мақсат етеді.
Қатысушылар түрлі-түсті слайдтардың көмегімен киіз үйдің құрылымымен, әр элементтің мәнімен, киіз үйдің ішкі безендірілуімен танысты.