
Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2023 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды.
Талаптар:
1) өтінім, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы No 802 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;
2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері,
телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген)
жіберілуі тиіс;
3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;
4) өтінімде 5 таңбалы коды бар экономикалық қызмет түрін міндетті түрде көрсету қажет (мысалы: мыс кенін өндіру және байыту – 07292);
5) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;
Өтінім беру мерзімі: 2022 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 16.00 - ге дейін.
Өтінімді қайда беру керек:
- қағаз түрінде ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй, 205 кабинет); - электрондық нұсқасын r.taymuldina@akimvko.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 301 кабинетіне.
(Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй) .Байланыс деректері: 8 (7232)
56-98-43, 87713057383, r.taymuldina@akimvko.gov.kz.