
16 қыркүйек күні Мәдениет сарайында көптеген ән сүйер қауым мен жанкүйерлерін жинаған жыл сайынғы "Песни нашего двора" қалалық музыкалық ретро-фестиваль өтті. Фестиваль бағдарламасында қаламыздың талантты орындаушыларының орындауында өткен жылдардың танымал әндері шырқалды. Көрермендер әртістерді жылы қабылдап, оларға қол шапалақтап, таныс әуендерді қуана-қуана бірге шырқады.