
11 қыркүйек күні Өскемен қаласында "Свет любви" ("Махаббат Сәулесі") бірінші халықаралық отбасылық фестивалі өтті . Фойеде сәндік - қолданбалы өнер шеберлері қарсы алды . Федорова Тамара Борисовна алғашқы келушілерге қолдан жасалған білезіктер сыйлады . Людмила Александровна Гришка өзінің " Астық " кітабының тұсаукесерін өткізді . Бұл фестивальде " Бiздiң отбасылық жаз " әуесқой Фотобайкауы үшін марапаттау өтті . Риддер қаласының Достық үйінің орыс - украин бастамашыл тобының өкілі Татьяна Козлова екінші орынға ие болды . Недобитко мен Бородкин отбасы конкурсқа қатысқаны үшін дипломдармен марапатталды .