
Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде алғаш рет қаламызда қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жаңа мектеп өз есігін айқара ашады.
Мектеп "Жол картасы" мемлекеттік бағдарламасын орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға дейін 1000 мектеп құрылыс бойынша тапсырмасы аясында салынды.
Оқушыларды заманауи сыныптар, жаңа модификациядағы пәндік кабинеттер күтеді. Мектеп 600 адамға есептелген, бұл қалаға білім беру мекемелерінің жоғары жүктемесі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Салтанатты шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. К. Ахметов, Риддер қаласының әкімі Д. А. Горьковой қатысты.