
2022 жылғы 02 қыркүйекте № 10 орта мектебінде тарих, АӘД мұғалімдерімен, қала оқушыларымен ҰОС хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің туыстарын іздеу бойынша ШҚО еріктісі Зәуреш Ертайқызы Байкеновамен кездесу өтті. Салтанатты жағдайда ҰОС қатысушысы Ш. Тургаевтың жиені К. Нұрахметоваға 2022 жылғы еске алу вахтасының көктемгі кезеңін өткізу кезінде Новгород облысының «Волхов майданы» бойынша «Н.И. Орловты еске алу «Долина» іздеу экспедициясы» қоғамдық ұйымының іздеу қызметкерлері тапқан медальон табыс етілді. Кездесу барысында қатысушылар іздеу жүйелерінің жұмысымен танысты.