
1 қыркүйек күнін біз ең сүйікті мерекелердің бірі ретінде атап өтеміз, оған біздің мемлекетіміздің барлық тұрғындары қатысады. Сіздер үшін жаңа оқу жылы келді.
Бұл күні кешегі балалар бірінші сынып оқушыларына айналады, олардың алдында таңғажайып мүмкіндіктер мен білімдерін, шығармашылық жеңістері мен ғылыми жетістіктерін үнемі жетілдіруге толы жаңа әлем ашылады.
Сіздердің болашақтарыңыз ғана емес, біздің қаламыздың және жалпы еліміздің болашақ гүлденуі мен дамуы, бүгінгі оқушылар, сіздерге байланысты. Сондықтан сіз оқудың әр күнін барынша тиімді пайдаланып, үздіксіз білім жинағаныңыз өте маңызды, онсыз алға жылжу мүмкін емес. Сіздердің жетістіктеріңіз, ең алдымен, оқуға және дамуға деген ықыластарыңызға байланысты болады.
Биыл 30 жылда алғаш рет қаламызда қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жаңа №11 мектеп есігін айқара ашады. Оқушыларды заманауи сыныптар, жаңа модификациядағы пән кабинеттері күтуде. Мектеп 600 орынға есептелген, бұл қаладағы оқу орындарының жоғары жүктеме мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Құрметті ұстаздар, қазіргі қоғамның маңызды құндылықтары оның азаматтарының білімі, олардың шығармашылық қызметке қабілеттілігі болды. Біздің балалар алатын білім сапасы көбінесе сіздердің кәсібиліктеріңізге және қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Сіздер оқушыларға болашақта олар үшін жалпыадамзаттық құндылықтардың, патриотизм мен ұлтаралық келісімнің – ұлы халықтың, ұлы мемлекеттің - Мәңгілік елдің тарихи іргетасының негізі болатын білім, тәжірибе бересіздер.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын.