
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында ШҚО прокурорының орынбасары Е.А.Андабаевтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстел отырысында сотталғандарды жұмысқа орналастыру және оларды еңбекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Дөңгелек үстел жұмысына ШҚО бойынша ҚАЖД, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылары, кәсіпкерлердің аумақтық Палатасының директоры, «Еңбек-Өскемен» РМК, «Шығыс» Аумақтық мемлекеттік кәсіпорын, уәкілетті мемлекеттік органдардың, Өскемен қаласы әкімдігінің, өңірдегі ірі кәсіпорындардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға және бизнес өкілдерін колонияларға тартуды кеңейту, сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұлғайту және олардың өнімін өткізуге жәрдем көрсету мақсатында жан-жақты қолдау көрсету ұсынылды.
Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.