
ОЖЖ-де балалар өздерінде дербестік, сенімділік, жауапкершілік сияқты қасиеттерін дамытады. Оқу үрдісінен басқа балалар үшін спорттық және ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Минина Элина 400 метрге жүгіруде балалар үшін шеберлік сыныбын өткізді. Жеңіл атлетикадан Риддер қаласының спортшыларына жауапкершілікпен қарап дайындағаны үшін жаттықтырушыларға алғыс білдіреміз.