Құрметті риддерліктер!

Құрметті риддерліктер!

Құрметті риддерліктер!

Сіздерді жастардың жасампаз мейрамы – Жастар күнімен құттықтаймыз!

Заманауи жас ұрпақ өзінің жеке болашағын ғана емес, облысымыздың, әсіресе, Риддер қаласының болашағын құруы керек. Бізді айрықша және маңызды оқиғалар күтіп тұр.

Бүгінгі таңда қоғамның дамуындағы ерекше әлеуметтік топ ретінде жастардың негізгі рөлі айқындала түсуде.

Бүгінгі таңда жастардың белсенді өмірлік ұстанымға ие болуы, өз ұстанымдары мен көзқарастарын қорғай білуі, волонтерлік қозғалысқа қатысуы, мәдени дәстүрлерді сақтауы және көбейтуі өте құнды. Сіздер Риддердің беделін облыстық және республикалық олимпиадаларда, шығармашылық конкурстарда арттырасыздар. Сіздердің арқаларыңызда біздің қаламыздың аты спорттық жарыстарда және басқа да көптеген іс-шараларда естіледі. Бізге сіздердің білімдеріңіз бен бастамаларыңыз қажет, сіздер-кіші Отанымыздың үміті мен болашағысыздар.

Бұл күні мен сіздерге жаңалықтан қорықпауды, кедергілерді батыл жеңуді, айналаңыздағы әлемді тынымсыз білуді, білімге ашық болуды тілеймін!

Жастық шақтың күш-қайратын егемен елімізді өркендетуге жұмсай беріңіздер!Өз мүмкіндіктеріңізді барынша пайдаланып, зор жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспін.Сіздерге зор денсаулық, толағай табыс пен бақ-береке тілеймін!