
11.08.2022 жылы Риддер қаласы әкімінің орынбасары Дархан Дәуренбекұлы Қосантаев, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директор Мереке Өмірбекұлы Сыздықовтың, мемлекеттік бағдарламалар бойынша басқарушы директор Әлия Нұржаубайқызы Ағыбаева, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бекжан Серікханұлы Жумакишев және «БанкЦентрКредит» АҚ корпоративтік клиенттер жөніндегі менеджері Саят Тоқтарбайұлы Еңсебаев өкілдері атынан жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жеке кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша семинар-мәжіліс өткізілді.
Мәжіліске Риддер қаласының кәсіпкерлері белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, олар бойынша түсініктемелер берілді және жеке кездесулер тағайындалды.