10 тамыз күні Мәдениет сарайы мен Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Абай күніне...

10 тамыз күні Мәдениет сарайы мен Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Абай күніне...

10 тамыз күні Мәдениет сарайы мен Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Абай күніне арналған «Абай мұрасы- халық қазынасы» атты ақынның шығармашылығына арналған тағылымды кеш өткізілді.

Кеште Әсем Сағат, ақынның 7 - ші қара сөзін оқыды. Сонымен қатар Абайдың «Айттым сәлем Қаламқас», «Татьянаның хаты», «Көзімнің қарасы» әндері орындалды. Абай шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кештің қонақтары қаламыздың оқушылары, студенттер, жастар орталығы мен кітапхана оқырмандары болды .