6.08.2022 ж. Риддер қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында картингтен ШҚО кубогының 3-ші кезеңі өтті

6.08.2022 ж. Риддер қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында картингтен ШҚО кубогының 3-ші кезеңі өтті

Жарысқа Риддер және Өскемен қалаларынан 2 команда қатысып, 4 топқа бөлінді. 9 жастан 17 жасқа дейінгі 21 спортшы картингті басқаруда өз шеберліктерін көрсетті. Жас спортшылар жарыстағы жігіттерден кем түспеді.

Жарыстың бас ұйымдастырушысы-ЖК Стребков А.В.

Жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге жалпы басшылықты ҚР Автомотоспорт Федерациясы жүзеге асырды.

Жарысты өткізуге "Риддер қаласының МТДДШжСБ" ММ, сондай-ақ көптеген демеушілер қолдау көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

Риддер қаласында картинг бойынша кезекті жарыстарды өткізгені үшін ұйымдастырушылар мен демеушілерге алғысымызды білдіреміз!