«ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының моноқалаларына «Қазақконцерттің» гастрольдік сапары

«ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясында  Шығыс Қазақстан облысының моноқалаларына  «Қазақконцерттің» гастрольдік сапары

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты жаңа жобаны бастайтынын хабарлайды. Жобаның аясында еліміздегі басты концерт ұйымының солистері Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарының аудандары мен моноқалаларында мерекелік концерттер береді.

Жоба ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен облыстардағы жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен жүзеге асырылады. Жобаның үйлестірушісі Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы.

Шығыс Қазақстан облысының еліміздің экономикасындағы орны ерекше. Түсті және сирек кездесетін құнды металдардың негізгі өндірушісі Алтай өңірінің табиғаты мен тарихы да өте бай. Ежелден көне өркениеттердің кіндігі болған өңірдің мәдени, рухани дамуына үлес қосу мақсатында ағымдағы жылғы 13, 14, 15 тамыз күндері Шығыс Қазақстан облысының Риддер, Серебрянск, Алтай қалаларында «Қазақконцерт» ұжымының «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы аясындағы концерттері өтеді. 

«ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» жобасы 2022-2025 жылдар аралығында кезең-кезеңмен іске асырылады. Жобаның мақсаты – өңір тұрғындарына мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірлердегі шығармашылық ұжымдар мен артистерді қолдау, еліміздің ұлттық құндылықтарын дәріптеу.

Гастрольдік концерттердің шығармашылық құрамында «Қазақконцерттің» солистері: Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев, Ерлан Рысқали, Раушан Оразбаева, Азамат Жылтыркөзов, Жанна Орынбасарова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Асқар Мұқият, Ардақ Елеусіз, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дарын Құдайберген, Әлібек Әлмадиев, Әйгерім Алтынбек, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдіхалық.

Сонымен қатар, аталған жоба өңірлер мен елорданың арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған. Гастрольдік концерттерге «Зыряночка» би ансамблі қатысады. 

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының  баспасөз қызметі, Н.Есенгелді infoqazaqconcert@gmail.com т.: + 7 778 210 61 12