2022 жылғы 21 шілдеде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Риддер қаласындағы ағымдағы эпидемиологиялық...

2022 жылғы 21 шілдеде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Риддер қаласындағы ағымдағы эпидемиологиялық...

2022 жылғы 21 шілдеде бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Риддер қаласындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және қала тұрғындарын вакцинациялау барысы туралы брифинг өтті.

Брифингте қала әкімінің орынбасары А. Б. Ағажаева, Риддер қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Г. Ж. Мрзагарайева және қалалық аурухананың балалар бөлімінің бас дәрігері В. А. Новикова сөз сөйледі.

Спикерлер бірінші кезекте қызмет борышы бойынша қалалықтармен жиі араласатын - медицина қызметкерлері, педагогтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қайта вакцинациялануы тиіс екенін еске салды.

Сондай-ақ, іс-шараны ұйымдастырушылар облыс пен біздің қала сырқаттанғандардың саны бойынша карантиндік шектеулер енгізілетін сыни белгіден өтпегеніне қарамастан, қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін атап өтті. Қоғамдық көлікте, адамдар көп жиналатын жерлерде жүру кезінде қорғаныс маскасын ұмытпауын сұрады. Және де гигиена құралдарын қолдану туралы да айтылды. Бұл қарапайым ережелер бәрімізді үлкен қиындықтан құтқарады.