Құрметті металлургия өнеркәсібінің қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті металлургия өнеркәсібінің  қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз-Металлург күнімен құттықтаймын!

Кеншілердің көптеген ұрпақтарының, металлургтер еңбек әулеттерінің күш-жігерінің арқасында қуатты өндірістік кешендер, отандық индустрияның нағыз флагмандары құрылды, олар еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына үлкен үлес қосты! Қай кезеңде болмасын металлургия саласы мемлекеттің қуатын арттыруда маңызды орын алып келген болса, бүгінде де еліміздің индустрия саласында қозғаушы күш болып табылады. Бұл сала қызметі ауыр әрі құрметті, ал осы маман иелері батылдық және жоғары кәсіби біліктілікті меңгерген қасиет иесі ретінде бейнеленеді.

Әрине, осынау толайым табыстардың арғы жағында жұмысшылар мен инженерлердің, аса күрделі өндірістік үрдістерді қамтамасыз ететін барлық қызметкерлердің күнделікті тынымсыз еңбегі жатыр. Металдың құпия сырларын білу, оны өңдеу мен өндірудің күрделі әдістерін меңгеру оңай шаруа емес екені белгілі. Дегенмен сіздер осындай ауыр кәсіпті жете игеріп, ел игілігі үшін еңбек етіп келесіздер.

Мамандыққа берілгендік үлкен рөл атқарады. Кадрлық әлеует, дәстүр, ардагерлердің тәжірибесі және жас мамандардың энергиясы-осының барлығы сіздерге күрделі өндірістік міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Сіздердің мамандықтарыңыз әрқашан қадірлі де және ең құрметті мамандықтардың бірі. Сіздерің шыңдалған шыдамдылықтарыңыз өмірдегі қиындықтарды жеңуге көмектеседі және әрбір металлургтің жүрегінде жанып тұрған от ешқашан сөнбеуін талап етеді. Сондықтан өлкеміздің металлургиялық кәсіпорындарында еңбек етіп жүрген барша еңбеккерлерге зор алғысымызды білдіреміз!