
Құрметті риддерліктер!
Баршаңызды әлемдегі күллі мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт – ізгілік пен мейірбандықтың, жақсылық пен қайырымдылықтың мейрамы.Осынау айтулы күндерде жүрегіне иман ұялаған әрбір адам жақсы істер жасауға, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, айналасына қуаныш сыйлауға тырысады.
Қазақстан халқының ұлттық бірегейлігін, игі құндылықтарын, сан ғасырлық мәдени және тарихи мұраларын сақтап, одан әрі дамыта түсуге септігін тигізеді.Біздің елімізде осынау жарқын мейрамның алғашқы күні арнайы демалыс күні ретінде жарияланып, адамдардың құрбан шалуына, аллаға жалбарынып, ізгі тілектер тілеуіне барлық жағдай жасалған.
Толеранттылық пен діни-адамгершілік тұрғыдан жетілдірудің, барлық конфессиялар өкілдерінің ғасырлық дәстүрлеріне ұқыпты әрі құрметпен қараудың мызғымас қағидаттарына берілгендік алдағы уақытта да халықтарды топтастыруға, еліміздегі бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін.
Құрбан айт бізге күш-қуат пен шабыт қоссын, әр үйге, әр отбасына қуаныш пен үміт сыйлап, игі істер мен іс-әрекеттерге бөлсін. Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық және амандық тілеймін!