Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі-Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі-Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Құрметті  риддерліктер!

 

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі-Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерекенің  қоғамдық-саяси мәні бар және әрбір қазақстандық үшін шын мәнінде жалпыұлттық болып табылады. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұрғаны айдан анық. Әрине, басты жетістіктердің бірі-Елордамызды атауға болады. Қазіргі елордасы Нұр-Сұлтан – заманның саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелері бойынша түрлі кездесулер өтетін Еуразиялық кеңістіктің орталығы. Біздің елордамыз әлемнің түкпір-түкпіріндегі – Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің мәдениеттерінің үндестігі мен үйлесімімен ерекшеленеді.

Біз ең алдымен елордамыз Нұр-Сұлтан арқылы жаңа Қазақстанды жаһандық әлемге таныттық. Ең бастысы, біз өзіміз үшін, Отанымыз үшін Нұр-Сұлтанды қайта аштық.

Біздің республикамыздың астанасын шынымен де Қазақстанның нөмірі бірінші инновациясы деп атауға болады. Нұр-Сұлтан көптеген серпінді жобаларға үлгі болатынына сенімдімін.

Құрметті жерлестер!

Сіздерді осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын және бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызда шаттық пен қуаныш, құт-береке болсын. Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін!