Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2022 жылды балалар жылы деп жариялап

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2022 жылды балалар жылы деп жариялап

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2022 жылды балалар жылы деп жариялап, балаларға ерекше назар аудару керектігін баса айтқан болатын. 2022 жылдың 29 маусымында ШҚО ТЖД Риддер қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері "Синегорье" демалыс базасында орналасқан жазғы сауықтыру лагерінде "Балалар қауіпсіздігі күнін"өткізді. Балаларға жазғы демалыс кезінде сауықтыру лагерінің аумағында да, тұрмыста да өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары жеткізу бойынша іс-шара жүргізілді.Сонымен қатар су айдындарындағы қауіпсіздік шараларына және ересектердің қарауынсыз шомылуға тыйым салуға ерекше назар аударылды. Балақайларға суға бату жағдайында зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету шаралары жеткізілді. Бүлдіршіндерге өрт ошақтарын сөндіру кезінде өртке қарсы техниканың мүмкіндіктері көрсетілді. Іс-шара соңында құтқарушылар өрт сөндіру жеңдерін жазу, жауынгерлік жабдықтарды кию, қол оқпанын іс жүзінде пайдалану және су беру арқылы "Көңілді старт" сайысын ұйымдастырды. Балалар өткізілген іс-шарадан жақсы көңіл-күймен және жақсы әсермен қалды. Көптеген балалар болашақта азаматтық қорғау қызметкерлерінің қатарын толтырғылары келетіндігін айтты.