Құрметті қалам, микрофон шеберлері және құрметті журналистер!

Құрметті қалам, микрофон шеберлері және құрметті журналистер!

Кәсіби мерекелеріңіз - Журналистика күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Сіздердің тәжірибелеріңіздің, шеберліктеріңіздің және жоғары кәсіпқойлықтарыңыздың арқасында біздің қала тұрғындары ең маңызды оқиғалардан хабардар бола отырып, жаңа, уақтылы және объективті ақпарат алады.

Сіздер кез келген жағдайда өз жұмыстарыңызды орындай отырып, қаламыздың, облысымыздың тарихын жазып, өзекті тақырыптарды ашып, маңызды мәселелерді шешуге көмектесесіздер.

Өңір тұрғындарының мүддесін адал қорғап, халықпен сапалы кері байланыс жасап, билікке мәселелерді сараптап, оларды шешудің тиімді жолдарын табуға көмектесіп жатқандарыңызды қуана атап өткім келеді.

Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін! Осы мерекелі күні адал еңбектеріңіз үшін, таңдаған істеріңізге беріліп, алға қойған мақсаттарыңызға жету жолындағы адалдық пен табандылық үшін шынайы алғыс сөздерді қабыл алыңыздар.  

Барша БАҚ қызметкерлеріне жаңа кәсіби табыстар, қызықты жобалар, жарқын идеялар, оларды жүзеге асыруға күш-қуат, зор денсаулық, амандық пен қуаныш тілеймін!

 

Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой