Құрметті Мемлекеттік қызметшілер!

Құрметті Мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді 23 маусым кәсіби мерекеміз - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік мекемелер республикамыздың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық бағыттарын іске асырудың базалық негізі болып табылады.

Мемлекеттің күші-оның қызметкерлерінде, мемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды шешудің сәттілігі көбінесе жұмыс тиімділігіне, тәжірибе мен жанқиярлыққа байланысты. Халық сіздерден кәсібиліктің, адамгершіліктің, патриотизмнің жоғары деңгейін, заңдылықты сөзсіз сақтауды күтеді.

Адамдардың өмір сүру деңгейі мен жалпыұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасына байланысты.

Қазақстан халқына қызмет етудің игі ісінде табыс, бейбітшілік, даналық пен шыдамдылық тілеймін.