Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті полиция қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді шын жүректен кәсіптік мерекелеріңіз- Полиция күнімен құттықтаймын!

Тәртіп сақшысының халыққа аянбай қызмет ету туралы ант беруі үлкен жауапкершілік жүктейді, өйткені әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығы мемлекетіміз үшін басты құндылық болған және болып қала береді.Биыл Қазақстан полициясы 30 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Өткен 30 жыл ішінде тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі істер органдары қалыптасу кезеңдерін бастан өткерді, материалдық жағынан да, моральдық жағынан да өсті. Олар қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, қылмыстарды ашу арқылы қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосады.

Сіздерге жүктелген кәсіби міндеттердің лайықты орындалуын, қажырлы еңбектеріңізге табыс, мықты денсаулық және отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Риддер қаласының әкімі  Д. Горьковой