Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және мемлекеттік әнұранының музыкалық нұсқасы туралы заңдарға қол қойылды. Биыл еліміздің мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толып отыр.
Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын мерекелеу күні Риддер қаласы әкімдігінің қызметкерлері бір мезетте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқады.
Бұл күн еліміздің тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер – Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады.
Қазақстан халқын осы маңызды мерекемен құттықтаймыз!
#Мемлекеттікрәміздер
#Бізбіргеміз
#Туелтаңбатірегіміз
#Өзелімменмақтанам
#loveгербгимнфлаг
#туымтұғырым
#шығысжастары