Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және мемлекеттік әнұранының музыкалық нұсқасы туралы заңдарға қол қойылды. Биыл еліміздің мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл толып отыр.
Қазақстанның Туы, Әнұраны, Елтаңбасы – республикамызды әлемге танытатын бірінші негіз болып табылады. Осы мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Осынау жарқын мерекеде баршаңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін.
Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін! Еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеңіздер, мақтан тұтыңыздар!
Мейрам құтты болсын!
Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой