Сіздерді айтулы мереке – Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл қаламыз өзінің 236 жылдығын тойлайды. Бұл шара осында тұратын барша азаматтарды біріктіреді, өткен мен болашақты байланыстырады.
Туған қаланың табыстары мен жетістіктерінде әрқайсыңыздың еңбектеріңіз бар екені сөзсіз. Бұл күні қала құрылысының бастауында тұрған, өмірбаянына талай жарқын беттер жазған алғашқы құрылысшыларға, ардагерлерге, қаланың құрметті тұрғындарына ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздердің қаланың дамуына қосқан үлестеріңіз ұшан-теңіз.
Өз еңбегімен, жігерімен және талантымен туған қаласының экономикасы мен әлеуметтік саласын нығайтуға үлес қосып, оның қарқынды дамуы үшін қажеттінің бәрін жасап жатқан әрбір адамға шын жүректен алғыс айтамын.
Құрметті жерлестер!
Біздің қаламыздың одан әрі өсуі мен гүлденуі, оның жарқын болашағы өзімізге байланысты. Даңқты шаһарымыздың барша тұрғындарына бейбітшілік пен тыныштық, зор денсаулық, амандық, табыс пен бақыт тілеймін.
Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой