31 мамыр – Қазақстан және посткеңестік тарихтағы ең қасіретті беттердің бірі

31 мамыр – Қазақстан және посткеңестік тарихтағы ең қасіретті беттердің бірі

31 мамыр – Қазақстан және посткеңестік тарихтағы ең қасіретті беттердің бірі – миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен алапат ашаршылықты еске алу күні. Бұл есте қаларлық күн Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі Жарлығымен белгіленді.

Қазақстанның өзінде 1921 жылдан 1954 жылға дейін саяси себептермен 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырап, 25 мыңнан астам адам атылды, оның ішінде қазақ элитасының өкілдері: ғылым, мәдениет және саясаттың көрнекті қайраткерлері болды. Түрлі мәліметтер бойынша 2-ден 3 миллионға дейін адам жаппай ашаршылықтың құрбаны болды, 1,5 миллионнан астамы Қазақстанды тастап кетті, бұл жалпы қазақ халқының 60-65 пайызын құрады. Риддер қаласында 243 адам қуғын-сүргінге ұшыраған.

Бұл күн халқымыздың тарихында мәңгі қалады, біз барлық қаза болғандарды еске алып, құрметпен еске алуымыз керек.

Бұл тек қайғылы күн ғана емес, біздің ендігі борышымыз — осы қаңқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған отандастарымызды ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.

Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой