
Сіздерді оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Барлығымыз үшін бұл қиын жыл болды. Мектеп оқушыларының көпшілігі үшін ол қашықтан оқитын форматта өтті. Бірақ соған қарамастан, біз бірге барлық қиындықтарды жеңіп шықтық.
Бүгін қаланың барлық мектептерінде соңғы қоңырау ерекше соғылуда. Әрбір ата-ана мен ұстаз баласының өмірден өз орнын тауып, бақытты болуы үшін барын салады.
Әрбір жетістік, ең алдымен, ұстаздың кәсіби шеберлігіне, мектеп ұжымының ерен еңбегіне байланысты. Жауапкершіліктеріңіз, жақсы ниет, ынталарыңыз бен әрбір оқушыға бөлген көзқарастарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Баршаңызға денсаулық, бақыт, табыс, бейбітшілік пен мейірімділік тілеймін!
Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой