Қоқыс қалдықтарын төгетін орындарға мониторинг

Қоқыс қалдықтарын төгетін орындарға мониторинг

Риддер қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Төлеухан «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ маманымен бірлесіп,

қоқыс қалдықтарын төгетін орындарға мониторинг жүргізу мақсатында ҚТҚ қоқыс полигонына шығу жүзеге асырылды.

«Эталон»фирмасы» ЖШС қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу торабы 2020 жылғы 1 сәуірде пайдалануға берілді. Ол Риддер қаласынан солтүстікке қарай 2,0 км жерде, ҚТҚ полигоны ауданында орналасқан. Қалада жиналған қоқыс сұрыптау торабына түсіріліп, содан кейін алты сұрыптау постына таратылады, онда резеңке, пластик, қағаз, металл, шыны, тамақ қалдықтары бөлінеді. Резеңке мен пластик пеште өңдеуге жіберіледі.

2022 жылға қала аумағынан қоқыстарды шығару жұмыстарына 19838,0 тенге көлемінде қаражат қарастырылған.

Мониторинг барысында,  қоқыс тастайын жерге белгі мен көрсеткіні орнату туралы ұсыныс жасалды.