
«Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Төлеухан «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сектор меңгерушісімен бірлесіп жолдарды күтіп ұстау, көшелерді жарықтандыру және абаттандыру бойынша жұмыстарға мониторинг жүргізді.
Ағымдағы жылдың 18 сәуірінен бастап «Эталон» фирмасы ЖШС мердігерлік ұйымымен Риддер қаласының жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде. Айдарханов, Безголосов, Гоголь, Рощин көшелерімен Гагарин, Тәуелсіздік даңғылдарында жол төсемін фрезерлеу жұмыстары жүргізілуде.
2022 жылы Риддер қаласында жалпы сомасы 125 570 мың теңгеге қаланың асфальтбетон жабынын ағымдағы жөндеу жоспарланған.
Ағымдағы жылы Әуезов, Хабаровская, Боровая, Радищев, Гэсовская көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Жобаның жалпы сомасы 11 263 мың теңгеге 6 жаяу жүргіншілер өткелін жарықтандыру жұмыстары жоспарланған.
Қаланы абаттандыру аясында 2022 жылы келесі жобаларды іске асыру жоспарлануда:
«Әйгерім» саябағын абаттандыруға 45 000 мың теңге, 3 шағын ауданды абаттандыруға 20 000 мың теңге бөлінді.
«Таловка» ауданында футбол қорабы тәріздес спорт ғимаратын орнату жоспарланған. Жобаның жалпы құны 20 000 мың теңгені құрайды.
7 балалар ойын алаңын орнатуға 47 320 мың теңге қарастырылған, оның ішінде 1 балалар алаңы халықтың қатысу бюджеті аясында. Ливино ауылындағы қосымша ойын алаңы орнатылады.