«Риддер-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Төлеухан ауыл шаруашылығы саласында,оның ішінде көктемгі егіс және өсіру жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізді.
Мониторинг барысында ауыл шаруашылығы техникасы мен шикізат жеткілікті мөлшерде және көктемгі егіс жұмыстарына дайын екендігі анықталды.2022 жылға қала бойынша жоспарланған егіс көлемі 3,8 мың га құрайды, оның ішінде дәнді-дақылдар-1,2 мың га, картоп – 1,1 мың га, көкөністер мен бақша-0,3 мың га және жем-шөп-1,2 мың га суармалы жерлер жалпы егіс алқабының 65,0 га құрайды («Дудкин А. С.» ШҚ -32,0 га, «Антропов Ю.П.» ШҚ - 16,0 га және «Партнер» ШС - 17,0 га).
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 69 шаруа қожалығы тіркелген, олардың 27 шаруашылығы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірумен айналысады.
01.04.2022 ж. жағдай бойынша ауыл шаруашылығы техникасының саны 794 бірлікті құрайды, оның ішінде тракторлардың барлық түрлері 552 бірлік (шынжыр табанды және дөңгелекті), комбайндар – 14 бірлік, трактор тіркемелері - 228 бірлік, бұдан басқа, трактор соқалары – 30 бірлік, жазықтық кескіштер – 2, қопсытқыштар – 13, тырналар-141, сепкіштер – 15 және басқалар.