Заң кәуабты жасауға тыйым салмайды, бірақ мұны өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жасау керек

Заң кәуабты жасауға тыйым салмайды, бірақ мұны өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жасау керек

Заң кәуабты жасауға тыйым салмайды, бірақ мұны өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жасау керек. Өрттің орын алуының жиі себебі – халықтың отпен абайсыз қарым-қатынасы салдары. Жеке тұрғын үй учаскелеріндегі өрттердің көпшілігі көктем мезгілі енді басталып, өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу салдарынан орын алады. Риддер қ. ТЖБ мамандары қала тұрғындарына жеке тұрғын үй учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады:
- Біріншіден, сіз кәуап орынынан белгілі бір құрылыстарға дейінгі қашықтықты сақтауыңыз керек, яғни ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ара-қашықтық кемінде 10 м болуы тиіс.
- Бензинді немесе басқа жанғыш сұйықтықты пайдалануға қатаң тыйым салынады;
- Желді ауа райында от жақпаңыз; - Көз алдыңыздағы отты бақылаңыз;
- Жақын жерде алғашқы өрт сөндіру құралдары : суы бар бөшке, өрт сөндіргіш болуы қажет;
- Демалыс соңында отты сөндіріп, қақпақпен жабыңыз;
- Үйлердің маңындағы аумақты тазалау кезінде от жағуға тыйым салынады. Оны тек өрт сөндіру құралдары болған кезде ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта, арнайы темір сыйымдылықта бақылаумен және желсіз ауа райында ғана жағуға жол беріледі.