Риддер қаласының төтенше жағдайлар Басқармасы Риддер қаласы әкімдігінің 2020 жылдың 10 ақпанындағы қаулысымен Риддер қаласында төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен тұрғындарды уақытша орналастырудың эвакуациялық пункттер тізімі бекітілгенін ескертеді:
- 80 адам сыйымдылықпен Островский көшесі-65 мекенжайында орналасқан «Риддер аграрлық-техникалық колледж» КММ – қала аумағында тұратын тұрғындар.
- 100 адам сыйымдылықпен Уалиханов көшесі-46 мекенжайында орналасқан «Риддер қ. №7 арнайы мектеп-интернат» КММ - қала аумағында тұратын тұрғындар.
- 100 адам сыйымдылықпен Лесное селосында орналасқан «Риддер қ. олимптік резервінің мамандырылған мектеп-интернат-колледж» РММ – Бутаково селосы, Ульба ҚҮП, «Қазақстан» бақша қоғамы.
Риддер қ. ТЖБ