Қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз

Қауіпсіздікті қамтамасыз етіңіз

Биылғы жылы табиғат өзінің тосын сыйларын қөрсетіп жатыр. Наурыз айында жауған көп қар мөлшері таулы жерлерде көшкін қаупі деңгейінің жоғарылауына әкеледі.  Беткейлерден үлкен қар мөлшерлері өздігінен түсуі мүмкін. Мұндай кезеңде тауда болу аса қауіпті. Серуендеушілердің әрекеттері, тіпті олардың олардың қатты айқайлары көшкіннің түсуіне әкелуі мүмкін.

Риддер қаласының аумағында көшкін қаупі сәуір айында да сақталады.

 Бірақ уақыт келе көктем өзінікін алады және жылы күндер келіп, көктемгі су тасқыны кезеңі басталады.

Қардың қарқынды еруі  тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарының су басуына әкелуі мүмкін, сондықтан қауіпті сейілту үшін су тасқыны кезеңіне алдын ала дайындалу қажет.

Осыған байланысты қала тұрғындарына айтарымыз: жеке учаскелеріңіздегі немесе оған іргелес аумақта орналасқан су құбырларын уақытылы мұз бен қардан тазалаңыз. Арықтарды тұрмыстық қоқыспен жаппай, оларды тереңдетіңіз, өсіп тұрған бұтаны кесіңіз. Су басуы мүмкін аймақтарда орналасқан жеке жертерөлерді қорлардан босатыңыз.

Ата-аналар көктемгі су тасқыны кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың өзен жағасында болуын болдырмауы қажет.

Қазіргі уақытта су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда және қала аумағында төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу үшін қызметкерлермен барлық шаралар қабылдануда. Су тасқынына қарсы іс-шаралар қала әкімшілігінің, ТЖ Басқармасының, кәсіпорындар мен ұйымдардың бірлескен күш-жігерін, сондай-ақ халықтың белсенді қатысуын талап етеді, және бұл көктемгі су тасқыны кезеңінен аман-есен өтуге мүмкіндік береді.

 

Риддер қ. ТЖБ