Ү.ж. 30 наурызда қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссиялардың отырыстары өткізілді. Отырыс барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмыстағы проблемалық мәселелер, бұрын сотталған және шартты түрде сотталған адамдармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері қаралды. Ү.ж. І тоқсанындағы Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы қала әкімі аппаратының басшысы-Әдеп жөніндегі уәкіл Д. Д. Қосантаев сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушыларға бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.