
«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Толеухан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қолайлы жағдай жасау жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізді.
Мониторинг барысында, Риддер қаласының барлық 15 мектебі, 17 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 3 қосымша білім беру мекемесі сыртқы және ішкі бейнебақылаумен жабдықталғаны анықталды. Білім беру мекемелерінде барлығы 752 камера орнатылған, оның ішінде 61 цифрлық камера. 2022 жылы 15 мектептен 13 мектепте бейнебақылау камералары Риддер қаласының полиция бөлімінің пультіне шығарылды.
2021 жылдан бастап Риддер қаласының барлық 15 мектебі, оның ішінде ауылдық мектептер тәулігіне ұзақтығы 12 сағат күзет қызметтерін ұсыну бойынша мамандандырылған күзет ұйымдарымен шарттар жасасты.
Бұдан басқа, қаланың 12 мектебі турникеттермен жабдықталған, бұл мектептерге бөгде адамдардың кіруіне мүмкіндік бермейді, турникеттер «Антипаника» жүйесімен жабдықталған, ТЖ кезінде планка автоматты түрде түсіріледі және эвакуациялау жолына қолжетімділік еркін болады.
Қазіргі уақытта қаланың 3 мектебінде құлақтандыру жүйесі (мектеп радиосы) жұмыс істейді, 2022 жылы қаланың 3 мектебі (№2, 3 орта мектептері,№1 мектеп - лицейі) ТЖ болған жағдайда дабыл белгісін беруге болатын мектеп радиосын монтаждау бойынша жұмыстарды жоспарлады.