
«Риддер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі әкімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесшісі М.Толеухан Риддер қаласының әлеуметтік саласы дамуына қоғамдық бақылау жүргізді.
Жұмыс барысында, көрсетілген мемлекеттік қызметтер, төлемдер және басқа көмек түрлері зерделенді.
2021 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны-208 отбасын (777 адам) құрады, 74562,0 мың теңге төленді. 2022 жылдың қаңтар және ақпан айларында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 108 отбасын (417 адам) құрады, 11764,0 мың теңге төленді.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес барлық мүмкіндігі шектеулі тұлғалар сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен залалсыздандырылады. Мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдарын және әлеуметтік қызметтерді өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беретін әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс жүргізілуде.
2021 32 адам мүгедектік арбамен, 80 адам сурдо-техникалық құралдармен, 280 адам протездік-ортопедиялық құралдармен, 585 адам гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілген.