
«Риддер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Толеухан Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінің жер беру жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында, кезекте тұрғандардың тізімі, жер учаскелерін беру тәртібі және аталған саладағы нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде ҚР «Жер Кодексі » қаралды.
Риддер аймағы бойынша бүгінгі күні жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінде 72 адам тұр.
2021 жылы барлығы уақытша өтеулі (жалға алу) жер пайдалану құқығымен 73 жер учаскесі және жеке меншікке 75 жер учаскесі берілді.
2022 жылдың өткен кезенінде уақытша өтеулі (жалға алу) жер пайдалану құқығымен 5 жер учаскесі және жеке меншікке 12 жер учаскесі берілді.