
«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, әкімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі М.Толеухан «Оқушылар үйі» КМҚК жұмысына қоғамдық бақылау жүргізді.
Мониторинг барысында, кеңсе жетекшісі Оқушылар үйінің оқу кабинеттерінің жұмысымен танысты: хореография залы, бейнелеу өнері студиясы, вокал студиясы, актерлік шеберлік студиясы, қолданбалы шығармашылық студиясы, ерте даму мектебі.
2021-2022 оқу жылында Оқушылар үйінде балалар шығармашылық бірлестіктерінде 53 оқу топтарының 4 бағыт және 18 атау бойынша қызметі ұйымдастырылды:
оқу-өнер;
- табиғатпен қарым-қатынас мәдениетіне үйрету;
- тілдерге және қарым-қатынас дағдыларына оқыту;
- спорттық оқыту.
Биылғы оқу жылында барлық бағыттар бойынша білім алушылардың жалпы саны 5-тен 18 жасқа дейінгі 700-ден астам бала жетті.
«Оқушылар үйі» КМҚК әр түрлі жастағы және әлеуметтік мәртебесі бар балалармен,оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс ұйымдастырылды.
Балаларға қосымша білім беру ұйымымен 18 педагог қызметкер айналысады. Білім деңгейі бойынша 13 педагог қызметкерлердің жоғары білімі бар, арнайы орта білімі бар -5 педагог. Жоғары санатты-1 , бірінші санатты – 6, екінші санатты-3, санатсыз – 8 педагогтар.