
Ағымдағы жылдың 24 наурызында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі қалалық комиссияның отырысы өткізілді, онда Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы түсіндірілді. Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері, Тұжырымдаманың негізгі бағыттары түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған бейнероликтер көрсетілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер айтылды.