
Құрметті әйелдер қауымы! (ханымдар)
Дана халқымыз «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» - деп бекер айтпаса керек.
Біздің әлемді сұлулыққа, рухани жомарттыққа, махаббат пен нәзіктікке толтырасыздар. Сіздер өмір сыйлайсыздар, бала тәрбиелейсіздер, үй жайлылығын жасайсыздар, көбінесе үй міндеттерін кәсіби және қоғамдық қызметпен үйлестіресіздер. Сіздердің жасампаз энергияларыңыздың арқасында, Сіздер біздің облысымыздың дамуына баға жетпес үлес қосасыздар, өндірісте және бизнесте, білім беру мен денсаулық сақтауда, мәдениет пен қоғамдық жұмыста лайықты нәтижелерге қол жеткізесіздер.
Сіздерге еңбексүйгіштік пен даналық үшін, әлемді мейірімді және асыл ете алатын керемет қабілетіңіз үшін рахмет!
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз. Сіздердің әр күндеріңіз күн сәулесімен, жылулықпен және қуанышпен толтырылсын, ал Сіздердің отбасыларыңызда жайлылық пен өркендеу орнасын!
Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой
Риддер қалалық мәслихатының хатшысы Е. Нужных