
Құрметті қала тұрғындары!
Баршаңызды шын жүректен Алғыс айту күнімен құттықтаймын!
Талай тар жол тайғақ кешкен тағдырларды өз шаңырағының астына біріктіріп, қамқор қарлығаштай, барша ұлт өкілдерін бауырына басқан Отанымызда атап өтілетін осынау меркенің маңызы зор.
Алғыс айту күні – бұл тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің қазақ еліне ризалығын білдіру арқылы өзара түсіністігіміз бен сыйластығымызды барша жұртқа паш ететін күн.
Баянды болашаққа бірге қадам басайық! Ырысымыз тасып, айбынымыз аса берсін!
Риддер қаласының әкімі Д. Горьковой