«Риддер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Су тасқынының алдын алу шаралары туралы»...

«Риддер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Су тасқынының алдын алу шаралары туралы»...

«Риддер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Су тасқынының алдын алу шаралары туралы» тақырыбында  Риддер қаласы төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Колганов Михаил Александровичтің қатысуымен тікелей эфир өтті.

Тікелей эфир барысында, Михаил Александрович қалада су тасқынының алдын алу шаралары жоспарға сәйкес жүргізілетіні, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жұмылдырылатын техникалардың саны және олардың жарамдылық жағдайы туралы ақпарат берді.

2021-2022 жылғы қысқы кезең Риддер қаласының аумағында қар жамылғысының қалыпты деңгейімен және температуралық фонымен ерекшеленді.

«Қазгидромет» РМК – ның деректеріне сәйкес биік таулы аудандардағы қар жамылғысы – 260 см, орта тау – 48 см, қала бойынша 36 см (2021ж-39см), топырақтың қатуы-18 см құрайды, бұл 19% - ға аз (2021ж-78см).

Қалада 9 мотопомпа бар, оның 7 - уі «ШҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ және 2 - жергілікті атқарушы органға тиесілі. Мотопомпалар жұмысқа қабілетті және қанағаттанарлық жағдайда.

Су тасқынына қарсы жұмыстарға тарту үшін қызметкерлер саны - 90 адам, техника (ТЖМ-8ед, ЖАО – 7ед).

2000 бірлік қаптар, 100 тонна инертті материалдар дайындалды.Бүгінгі күні қала бойынша су тасқыны жағдайы тұрақты, су басу қаупі жоқ және тұрақты бақылауда-деп атап өтті Михаил Александрович.

Техникалық ақауларға байланысты тікелей эфир жазбасы сақталмады.