«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Төлеухан жұмылдыру дайындығы,АҚ және ТЖ бөлімінің...

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Төлеухан жұмылдыру дайындығы,АҚ және ТЖ бөлімінің...

«Риддер-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Төлеухан жұмылдыру дайындығы,АҚ және ТЖ бөлімінің бас маманы Р. Құрметұлымен бірлесіп, көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қоғамдық бақылау жүргізілді, сондай-ақ су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралады.

Мониторинг барысында, қалада 9 мотопомпа бар, оның 7 - уі «ШҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ және 2 - жергілікті атқарушы органға тиесілі екені анықталды. Мотопомпалар толық жұмыс күйде. Сонымен қатар су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін 13 тонна жанар-жағар май (8 тонна бензин,4 тонна дизель отыны, 1 тонна дизель отыны),100 тонна инертті материалдар, 2,0 мың дана қаптар дайындалған.

Тұрғын үйлерді еріген қар су басуына жол бермеу мақсатында (өткен жылдан бастап) әкімдіктер елді мекеннен бүгінгі күні 58,0 мың м3 астам қар шығарды. Қар шығару жалғасуда. Сондай-ақ, су тасқыны кезеңінде жағдай шиеленіскен кезде зардап шеккен халықты орналастырудың уақытша пункттері дайындыққа келтірілді, олайрдың сыйымдылығы 280 адам болатын 3 бірлік орын.

Төтенше резервке және шұғыл шығындарға арналған резервке әкімдікпен 2022 жылға төтенше шығындарға 101 млн.теңге салынды.