«Риддер – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М.Төлеухан жанармайдың шектік бағасына қоғамдық бақылау жүргізді.
Риддер қаласының аумағында 5 ЖМҚС желісі жұмыс істейді:
- «SHYGYS MUNAI SAUDA-19» ЖШС-2 нүкте (Гэсовская 30, Абай даңғылы 24/1).
- «Шығыс Жанар Май» ЖШС-1 нүкте (Абай даңғылы 101 а)
- «Гелиос» ЖШС -1 нүкте (Абай даңғылы 91/4 а)
- ЖК Садықова М. С. (Қазақстан)
- «QazagOil» ЖШС -1 нүкте - (Гаражная -1)
2022 жылғы 6 қаңтардан бастап Қазақстанда 180 күн мерзімге мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар (қосылған құн салығын ескере отырып) келесі деңгейде белгіленді:
АИ-80 маркалы бензин – литріне 89 теңге;
АИ-92 маркалы бензин – литріне 182 теңге;
АИ-93 маркалы бензин – литріне 182 теңге;
АИ-95 маркалы бензин – литріне 215 теңге;
дизель отыны (жазғы, маусымаралық): Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында-литріне 260 теңге.
Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша, бекеттерде жанармай бағасы шекті бағадан аспайды.